RU

Головкин анасын туған күнімен құттықтау үшін Қазақстанға келе жатыр

К2 Promotions басқарушы директоры Том Леффлер алдағы жоспарларды ескере отырып, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегін желтоқсанда өткізуге мүмкіндік аз екенін айтты деп хабарлайды Sports.kz.

Леффлердің айтуынша, осы аптаның соңында Геннадий анасының туған күнін атап өту үшін Қарағандыға ұшып келеді, одан кейін Еуропаға аттанады, ол жерден 1-6 қазан аралығында Бакудегі WBC конвенциясына ұшып барады. Головкин АҚШ-қа қазанның он бесінен кейін келеді.

Тағы оқыңыздар: Геннадий Головкин мексикалықтарға көңіл айтты

«Ол уақыт желтоқсанға тым жақын болады. Егер жекпе-жекті желтоқсанда өткізуге жауап алған күннің өзінде, ол мүмкін емес. Сондықтан, егер «Канело» реваншқа келіссе, мамырға дейін күтеміз. Ал келіспесе, келесі жылдың басында бір жекпе-жек ұйымдастырамыз», — деді промоутер.

Естеріңізге сала кетейік, GGG желтоқсанда орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен кездесуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1623509-golovkin-anasyn-tughan-kunimen-quttyq.html