RU

Үш жыл бұрын үйленген Төреғали үйлену тойын енді жасайын деп жатыр (фото)

Төреғали Төреәлі де Қайрат Нұртастан қалыспай, қанша жыл жасырған келіншегін халыққа көрсетпек. Ол алғаш рет жеке өмірі туралы ашық айтып, желіде әнші мен жарының тойға дайындалып жатқан суреттері пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші тіпті отандық бағдарламалардың бірінде үйлену тойын жасайтынын да айтып қалды.

Фото Instagram желісіндегі ашық дереккөздерден алынды

"Бұйырса, үйлену тойын жасамақпын. Келіншегімнің өзі де таң қалып жүр", - деді Төреғали Төреәлі "Айта берсін" бағдарламасында.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттік "ежиктер": Астаналықтар Шымқаланың тұрғындарын қалай атайды?

Ал желіде Төреғали Төреәлінің келіншегі Толқын Мырзакимованың атынан ашылған парақшада олардың фототүсірілім жасағаны туралы суреттер пайда болды. Желідегі жазбада 17 қазан күні болатын іс-шараға дайындық жүргізіліп жатқаны жазылған.

Фото Instagram желісіндегі ашық дереккөздерден алынды

Ал танымал продюсер Жан Мұқанов болса, 17 қыркүйек күні Толқын мен Төреғалидің фототүсірілімі өткенін хабарлаған болатын.

Еске салсақ, дәл қазан айында Қайрат Нұртастың де ел күткен фильмі көрсетіліп, онда оның келіншегі туралы барлық құпия жария болатыны белгілі.

Қайратпен жарысқа түсіп жатқан Төреғалидің де елді дүр сілкіндіретін жаңалығы діл қазан айына тұспа-тұс келіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1623544-ush-zhyl-buryn-uylengen-toreghali-toreal.html