RU

Елімізде алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады

«Қазгидромет» 21-23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жария етті деп жазады baq.kz.

«22 қыркүйек күн мен түннің теңелетін күні. Осы күннен бастап күн түннен қысқара бастайды. Астрономиялық жаз аяқталады да күз басталады. Қазақстанның солтүстігінің тұрғындары күзгі ауа райын сезінуде», - деп жазылған хабарламада.

Тағы оқыңыздар: Келінді базардан іздеген шымкенттік елді таң қалдырды (фото)

Синоптиктердің айтуынша, Батыс Сібірден жылжыған суық арктикалық фронт алдымен солтүстікке, содан кейін орталық және шығыс облыстарға жауын-шашын алып келіп, күн суытады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарға ол сенбі күні жетіп, жаңбыр жауады, ауа температурасы күрт төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1623611-elimizde-aldaghy-kunderi-kun-suytyp-zha.html