RU

Динара Сәтжан: Латын әліпбиі қазақтар мен шала қазақтарды біріктіреді

Динара Сәтжан бүгін Астанада өткен қоғам белсенділерінің қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуін қолдау Манифесін таныстыру барысында жаңа әліпбиге қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Латын әліпбиіне көшу – қазақтар мен шала қазақтарды біріктіреді. Себебі жеке өзім үшін қазақ тіліндегі қысқа хабарламаларды латын әріптерімен жаза салу ыңғайлы болды. Мен балабақшада да, мектепте де, университетте де орысша оқыдым. Бірақ қазіргі кезде туған тілімде сөйлеуге тырысып жүрмін. Ал латын тілі маған ана тілімді үйренуде қолдау көрсетіп отыр. Менің ойымша латын әліпбиі екі түрлі ортаны біріктіретін болады» - деді Динара Сәтжан.

Сонымен қатар ол қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді қолдау туралы Манифестке кімдер қол қойғандығын айтып берді.

Тағы оқыңыздар: Үш жыл бұрын үйленген Төреғали үйлену тойын енді жасайын деп жатыр (фото)

«Менің ойымша бұл Манифеске қоғамда өз орны бар, қазақ елінің болашағына немқұрайлы қарамайтын, өз елі үшін күніне бір жақсылық жасап жүретін адамдар қол қойды» - дейді Динара Сәтжан.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1623741-dinara-satzhan-latyn-alipbii-qazaqtar.html