RU

Қырғызстан Назарбаевтың кездесуі үшін Қазақстанға наразылық нотасын жолдады

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті болуға үміткер Омурбек Бабановпен кездескен соң Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жолдады. Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Sputnik Қырғызстан агенттігінің хабарлауынша, наразылық нотасы Қазақстанның Қырғызстандағы уақытша сенімді өкілі Рымтай Кәріпжановқа ұсынылған.

Назарбаевтың Қырғызстан президенттігіне үміткермен кездесуі туралы бұдан бұрын Ақорда сайтында жарияланған. Қырғызстан СІМ бұл кездесуді мемлекеттік ішкі істеріне араласумен тең деп санайды.

Тағы оқыңыздар: Владимир Божко желіде өзіне тіл тигізгендерге өкпелеп қалды

"Министрлік Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғыз Республикасы президенттігіне үміткерлердің бірімен кездесіп, алдағы сайлауда бұл үміткерге қолдау көрсеткеніне наразылығын білдіреді. Ынтымақтас Қазақстанның мемлекет басшысы Қырғызстанның ішкі мәселелеріне араласпайтынын мәлімдегенімен, оның сөздері қазақстандық тараптың Қырғыз Республикасының болашақ президентіне қатысты артықшылықтарын анық көрсетеді", — делінген наразылық нотасында.

Қырғызстанда президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1623755-qyrghyzstan-nazarbaevtynh-kezdesui-ush.html