RU

Головкиннің промоутері жекпе-жек төрешілеріне қатысты пікір білдірді

Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG — "Канело" жекпе-жегінде тең ұпай берген төрешіні жауапқа тартуға шақырды деп жазады vesti.kz.

Төреші Дон Трелла жекпе-жекте қос боксшыға да 114-114 ұпай берген. Аделаида Берд 118-110 Альвареске, ал Карл Моретти 115-113 есебімен Головкинге берген.

Леффлердің айтуынша, бұл жағдайға тек Берд қана кінәлі емес. Себебі Трелланың қойған бағасы шындықтың ауылынан алыс. Сонымен қатар Леффлер Альвареспен жекпе-жек өтетін болса, рефери таңдауды басты назарға қоятындарын айтты.

Тағы оқыңыздар: Ақмола облысында ер адам тамаққа қақалып, көз жұмды

"Мен Вегасты кінәлай алмаймын. Тең ұпай қойған Трелла шығыс жағалаудан келген, бұрындары онымен қиындықтар болған емес. Рефери Кенни Бейлис (шаршы алаңда) керемет жұмыс істеді, сол себепті Вегастан шыққан үш төрешінің екеуі өз жұмысын жақсы атқарды. Егер Трелла тең ұпай қоймағанда, қазір тек Бердтің қойған ұпайын айтып отырар едік, сол себепті бар кінәні соған жабуға болмайды. Трелл да жауапқа тартылуы тиіс", — деді Леффлер Sky Sports басылымына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1623936-golovkinninh-promouteri-zhekpe-zhek-tor.html