RU

100 рет үйлену тойын өткізген жас жігіт әлі де сүйіктісіне той жасап бермек (фото)

АҚШ-та тұратын ерлі-зайыпты Гепард пен Риан 100 рет өздерінің үйлену тойын өткізіп үлгерді. Қос ғашық әлі де талай той жасауды жоспарлап отыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы edinstvennaya.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бір-бірін шексіз жақсы көретін жұп, қайта-қайта неке қию рәсімін өткізіп, бір-біріне серт бергенді ұнататынын жасырмады. Олар тойын әлемнің әр түкпірінде өткізуді әдетке айналдырған.

Ерлі-зайыптылар әлеуметтік желіде танымал болып үлгерген. Олар әр қаладағы тойынан фотоларды желіге жүктеп отырады.

Тағы оқыңыздар: Исекешев Астана тұрғындарының нақты санын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1624028-100-ret-uyleu-toyyn-otkizgen-zhas-zhigit-al.html