RU

Асхат Садырбай отандық шоу-бизнестің неліктен "бардак" екенін айтты

Ikerim.kz порталына сұхбат берген белгілі тележүргізуші Асхат Садырбай отандық шоу-бизнесте не үшін  "бардак" болып жатқанын түсіндірді.

- Оған себеп өте көп. Мысалы, бізде концерттердің өтуі, билеттердің өтуі, альбомдардың сатылуы бір жүйеге қойылмаған. Шетелдермен салыстырғанда бізде көп нәрсе дамымаған. Енді-енді қолға алынатын шығар деп ойлаймын. Басқа елдерде музыкаға, әншінің лицензиясына үлкен мән беріледі. Заңмен жұмыс істеп, үлкен мөлшерде қаламақылар төленеді.

Енді біздің менталитетіміз басқа әрі біздің әншілердің негізгі табыс көзі-той. Концерт пен гастрольден ғана тапқан ақшаға күн көру қиын. Біздің халық күн сайын тойға барады, күн сайын сол әншілер алдында ән айтып жүр. Кеше ғана тойда көрген әншінің концертіне кім барады? Ешкім бармайды! Бізде той бар кезде концерт беру жүйелі түрде дамиды деп айта алмаймын.

Тағы оқыңыздар: Ресейде үш жыл бұрын жоғалған актрисаның денесі табылды

Тағы бір мәселе аға-буын мен інілердің арасындағы байланыстың болмауы. Мәселен, шықпай жатып «Жұлдыз» болғандар, инстаграмдағы кішкентай аудиторияның мақтауына «семіріп» жүрген әншілер жетерлік, - деді тележүргізуші.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1624230-askhat-sadyrbay-otandyq-shou-biznestinh.html