RU

Үш жасар қызына иттерше қарғы бау байлап жүретін әке жұрттың ашуын келтірді (фото)

Интернетте үш жасар қызды қарғы бауға байлаған ер адамның фотосы көпшіліктің ашуын келтірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы lemurov.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

34 жастағы Орегон тұрғыны Клинт Эдвардс бүгінде үш баланың әкесі. 10 жасар Нортон мен жеті жасар қызы Нора өте тәртіпті болғанымен, үш жасар қызы Аспен тынымсыз екен.

Сол үшін қызын қарғы бауға байлаған әке, осылайша оны қорғап жүргенін алға тартты.

Тағы оқыңыздар: Вьетнамда көз жанары ерекше қызға көпшіліктің назары ауды (фото)

"Аспен жабайы бала. Тежегіші жоқ. Көзді ала бере бір бәлеге ұрынады. Біресе көшеге қарай жүгіреді, біресе көлшіктен бір-ақ шығады", - дейді ол.

Қатты жүгіретін қызым жиі жараланып жатады деген әке қарғы баудың өз көмегі барын айтуда. Ол бау арқылы қызын бақылауда ұстайды екен. Дегенмен желі қолданушыларына бұл әдіс онша жақпай қалды. Олар адамды емес, итті қарғы бауда ұстайтынын алға тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1624503-ush-zhasar-qyzyna-ittershe-qarghy-bau-bayl.html