RU

Асхат Садырбай өзі туралы өсек таратып жүргендерге жауап берді

Қазақстандық танымал журналист әрі тележүргізуші Асхат Садырбай жеке өмірі туралы қоғамда тарап жатқан түрлі өсек-аяңдардың таралуына қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, ол ешқандай қауесет сөздерге бас қатырмайды.

Бұл туралы ол ikerim.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

"Біріншіден, ақымақпен ақымақ болғым келмейді, екіншіден, мен ешқашан ешкімнің алдында ақталмаймын. Менің атымнан кім не айтса да, ол өздерінің еріктері. Мен біреу жаман айтты деп жаман немесе жақсы айтты деп жақсы болып қалмаймын. Мен қандай бармын, сондай болып қала беремін, ешкімнің алдында есеп бермеймін. Тек Алланың алдында есеп беремін, негізі Алланың алдында бәріміз есеп береміз.

Тағы оқыңыздар: Жол апатына түсіп, аяғынан айырылған Тамара Асар ауыр күндерін еске алды

Менің қандай адам екенімді жанымда жүргендер жақсы біледі. Қандай дос екенімді достарым біледі. Қандай бауыр екенімді бауырларым біледі. Қандай әке екенімді ұлдарым біледі. Ал дұшпандарым не біледі, не айтады де ойлайсыз? Біреуді жаман дегеннің өзі жаман, біреуді жақсы дегеннің өзі жақсы", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1624594-erke-esmakhannynh-burynghy-kuyeui-ozi-tu.html