RU

Қарт ата-ананың сатылатыны туралы хабарлама көпшіліктің көңілін босатты (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жапонияда 66 жастағы кейуана мен 68 жастағы ер адамның ата-ана ретінде жақсы отбасына сатылатыны туралы хабарлама көпшіліктің көңілін босатты. Бұл туралы NUR.KZ порталы lemurov.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Токиялық басылымда жарияланған хабарламада ата-ананың 900 йенге сатылатыны туралы жазылған. Бұл хабарламаны көрген көпшілік, оны жария еткен мейірімсіз бала-шағасын сынға алумен ғана шектелген.

Алайда жүрегі кең жас отбасының бірі ақыры хабарламаға жауап қатып, өзгенің ата-анасын өз қамқорлығына алуға келісім береді. Олар хабарламада көрсетілген мекен-жайға келгенде өз көзіне сене алмаған.

Тағы оқыңыздар: Жас модельге үйленген бизнесмен үйлену тойына қыруар ақшасын шашып тастады (фото)

Зәулім үйдің есігін ауқатты зейнеткерлер ашады. Олар өмірінде бала сүю бақыты бұйырмағанын алға тартып, жағдайына бей-жай қарамаған жас отбасына өз балалары болуды ұсынады.

Осылайша мейірімді отбасы күтпеген жерден ауқатты ата-анаға және аста-төк мұраға ие болған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарт ата-ананың сатылатыны туралы хабарлама көпшіліктің көңілін босатты (фото)
Mailfire view pixel