RU

Пенопласттан пісірілген тортты 18 000 теңгеге сатқан жезқазғандықтар жаға ұстатты (видео)

Жезқазған қаласында тойға деп тапсырыспен пісірілген торттың пенопласт болып шаққаны туралы  видео желі қолданушылары арасында талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Instagram желісіндегі  Zhest_kz арнасында пайда болған видео авторының сөзінше, тәтті нанды пісіріп беру үшін олар қаладағы танымал дүкенге тапсырыс беріп, 18 000 теңге ақысын да төлеген.

Алайда той кезінде мерекелік торт  пышақпен кесілмей, анықтап қарағанда пенопласт екені байқалыпты. Азпаздар үш қабатты тортты "өте тәтті" деп мақтағанымен, пенопласттан екенін ескертпеген.

Тағы оқыңыздар: Қарағандыда бір оқушыға бола бүкіл сыныптың балалары мектепке бармай қойды

Видео авторы босла өзін алдаған аспаз бен қожайынын сотқа беретінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1624754-zhezqazghandyq-aspazdar-penoplastan-p.html