RU

ОҚО-да есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 11 полицей қамауға алынды

Оңтүстік Қазақстан облысында 11 полицей есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған. Бұл туралы облыс прокурорының бірінші орынбасары Қали Маматаев мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Прокурордың сөзінше, есірткі қылмысына қатысты қамалған 10 полицейдің 7-еуін облыстық ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік қызметі басқармасы ұстаған. Өзгелерінің қылмыстық әрекеті ҰҚК қызметкерлері тарапынан тергелуде.

«Олардың қандай қылмыс жасағаны және сыбайластары жайында ақпарат сот үкімінен кейін белгілі болады», - деді Маматаев.

Тағы оқыңыздар: Жезқазғандық аспаздар пенопластан пісірілген тортты 18 000 теңгеге сатқан (видео)

Қазір құқық қорау органдарының өкілдері есірткі алқаптарын әуеден квадрокоптерлер мен ғарыштық байланыс арқылы бақылауға көшкен. Соның нәтижесінде облыстың Арыс, Шардара, Отырар аудандары аумағында есірткі шөптері егілген плантациялар көптеп табылыпты.

Бұл ретте прокурор Арыс, Сырдария өзендерінің жағаларынан есірткі плантациялары көптеп анықталғанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1624872-oqo-da-esirtki-qylmysyna-qatysy-bar-de.html