RU

Мектепте еден жуатын әйелінің орнына мақта теруге шыққан ер адам қайтыс болды

Әндіжанның 58 жастағы тұрғыны Музаффар Умрзаков мектепте еден жуатын әйелінің орнына мақта теруге шыққан уақытта қайты болды. Куәгерлердің сөздеріне қарағанда, жігіттің жүрегі тоқтап қалған.

Оқиға 16 қыркүйекте Тойтуг қаласына жақын маңдағы мақта алқабында болды.

"Алқапта ол есінен танып қалды. Дәрігерлер оның жүрегі ұстағанын айтты", - деді мақта терушілердің бірі.

Тағы оқыңыздар: Жезқазғандық аспаздар пенопластан пісірілген тортты 18 000 теңгеге сатқан (видео)

Әндіжан облыстық білім беру басқармасының қызметкері мақта теру жұмыстарына мектептің техникалық қызметкерлері ғана жіберіліп жатқанын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Өзбекстан халқын уағыз арқылы мақта теруге шығарған имамдар туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1624901-mektepte-eden-zhuatyn-ayelininh-ornyna.html