RU

Назарбаевтан көмек сұраған мұғалім Гүлжан Сәлімбаева сотта жеңіп шықты

Бүгін Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты 38-мектептің мұғалімі, «міндетінен тыс жұмысқа тартылып, директордан қысым көргенін» айтқан Гүлжан Сәлімбаеваның үстінен мектеп директоры мен орынбасарлары түсірген шағымды қарауға жатпайды деп ұйғарым етті деп хабарлады мұғалімнің сенімді өкілі Маржан Аспандиярова.

Маржан Аспандиярованың Азаттыққа хабарлауынша, бүгін судья Қайрат Ізбасаров жәбірленушілер - мектеп директоры Айман Жүсіпова, оның орынбасарлары Дана Асылбекова мен Айжамал Қозыбекованың өз арыздарын қайтарып алуына байланысты іс қарауға жатпайды деп ұйғарған.

Тағы оқыңыздар: Мектепте еден жуатын әйелінің орнына мақта теруге шыққан ер адам қайтыс болды

Жәбірленушілер әу баста соттан Гүлжан Сәлімбаевадан "ар-намысына тигені үшін моралдық шығын өндіруді" сұраған.

Гүлжан Сәлімбаеваның ісін Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты бірнеше айдан бері қарап жатқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1624934-nazarbaevtan-komek-suraghan-mughalim-g.html