RU

Белгілі спорт маманы Альварестің құйтырқы әрекетін әшкере қылды

Бокс саласының шолушысы, танымал ресейлік сарапшы Александр Беленькийдің ойынша, Головкин - Альварес жекпе-жегінде жеңісті мексикалық боксшыға беріп қойған төрешінің әділетсіз шешімі - тамаша ойластырылған жоспар.

Спорт маманының айтуынша, ұйымдастырушылар халықтың бар наразылығын бір адамға бұрып жіберіп, жекпе-жектің жалпы шешімін назардан тыс қалдырған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Тағы оқыңыздар: Қыруар ақша табатын "Қайрат" футболшысы айлығының жартысын да баласына қимады

«Аделаида Берд - ұйымдастырушылардың алдын ала ойластырып қойған қадамы, «кемеңгер» жоспары. Бұған дейін ол ылғи қисық шешімдерді, қарама-қайшы есептерді шығарып келді. Оған қоса, Альвареске жанкүйер болып жүр.

Демек, оның жеңісті мексикалық боксшыға беріп қоятыны белгілі. Осылайша, халықтың наразылығын соған қарай бағыттауға тамаша мүмкіндік туды.

Ол келіншек өз рөлін атқарып шықты. Ал оны қалай разы қылғанын өзі біледі. Негізгі мәселе мынада - жекпе-жектің жалпы әділетсіз шешімі назардан тыс қалды», - дейді Беленький.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1624970-belgili-sport-mamany-alvarestinh-quy.html