RU

Даниал Ахметов Семейді "Семипалатинск" деген азаматқа ескерту жасады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Семей қаласына іс сапармен барып қайтқан ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің қатысуымен өткен жиында Алаш астанасын "Семипалатинск" деп жүрген азаматқа қала атауын дұрыстап айту керек екенін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Отырыс барысында аймақ басшысының сұрағына жауап берген Семей қаласы коммерциялық емес ұйымдар ассоциациясының вице-президенті Николай Исаев Алаштың астанасы болған шаһардың дұрыс атауын білмейтін болып шықты.

Семейге әлі күнге дейін "Семипалатинск" деп айдар тағып жүрген Исаевқа "Сіз қай жерде тұрасыз?", - деп сұрақ қойған облыс әкімі Даниал Ахметов шаһардың атауы Семей екенін қадап айтып, қаперіне салды.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстау облысының әкімі Жаңаөзендегі "хиджаб дауына" қатысты жауап берді

Айта кетейік, биыл елімізде Алаш қозғалысының 100 жылдығы кеңінен аталып өтілмекші. Семей қаласында осы айтулы мерекеге орай кешенді шаралар жоспарланған.

Атап айтқанда, Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханов ескерткішінің салтанатты ашылуы, «Алаш және рухани жаңғыру: идеялар жалғастығы» халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы, «Алаш идеясы – Қазақстан Тәуелсіздігінің қайнар көзі» әдеби көрмесі сынды бірқатар шаралар ұйымдастырылмақшы.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Даниал Ахметов Семейді "Семипалатинск" деген азаматқа ескерту жасады (видео)
Mailfire view pixel