Выйти
RU

Астанада автобус пен Тoyota көлігі соқтығысып, он бір жасар бала көз жұмған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астанада Тoyota RAV-4 автокөлігінің жүргізушісі қоғамдық автобуспен соқтығысып қалды. Апаттың салдарынан қоғамдық көліктің үш жолаушысы зардап шегіп, автокөліктің кәмелетке толмаған жолаушысы аруханада көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы таңертең шамасында Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында орын алды.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстау облысының әкімі Жаңаөзендегі "хиджаб дауына" қатысты жауап берді

"Тoyota RAV-4 маркалы автокөліктің 47 жастағы жүргізушісі Абылай хан даңғылы бойымен келе жатып, сол жақтағы Пушкин көшесіне бұрылу кезінде, қарама-қарсы бағытта Кенесары көшесі бойымен келе жатқан қоғамдық көлікпен соқтығысқан.

Жол-көлік апатының салдарынан көліктің ішінде болған 11 жасар бала алған жарақаттардан ауруханада көз жұмды", — деп хабарлап, жүргізушінің жағдайы әлі анықталып жатқанын атап өтті Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, дене жарақатын алған автобустың үш жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуіне тиісті тексерулер жасалып, медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Ал бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Астанада автобус пен Тoyota көлігі соқтығысып, он бір жасар бала көз жұмған