RU

Оқушыларды қарғап-сілеген мұғалімнің әрекеті желіде қызу талқыға түсті (видео)

Өзбекстанның Әндіжан қаласында мектеп мұғалімі дәріс кезінде екі оқушысын ашықтан-ашық қарғап-сіледі. Оқушының бірі бұл көріністі қалта телефонына түсіріп алып, Азаттықтың өзбек қызметіне жолдаған.

Видеода мектеп мұғалімінің «Алла сендерді жазаласын! Мектепке бара алмас үшін, сендердің аяқтарыңды алсын! Аяқтарың сал болып қалсын! Мені жанжалшы дейтіндей, сендерге не істедім?!» деген лағынет сөздерін естуге болады.

Азаттықтың өзбек қызметінің тілшісі видеодағы мектеп мұғалімімен телефон арқылы хабарласқан. Бастапқыда мұғалім болған жайды жоққа шығарады.

Тағы оқыңыздар: Астанада автобус пен Тoyota көлігі соқтығысып, он бір жасар бала көз жұмған

Кейіннен мұғалім «олардың ешқайсысы да қорқыныштан талып құлаған жоқ. Мұның бәрі менің жақсы жұмысымның нәтижесі», -  деп жауап берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1625176-oqushylardy-qarghap-silegen-mughalimni.html