RU

Стадионның қақ ортасында сүйіктісіне ұсыныс жасаған ақтөбелік жігіт жұртты тәнті етті

Ақтөбе қаласында өтетін халықаралық деңгейдегі «Ақтөбе — құтты мекен» форумына дайындық кезінде қатысушы қыздардың біріне ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қаладағы стадиондардың бірінде үлкен шараға дайындық кезінде студенттердің бірі сүйген қызына үйленуге ұсыныс жасады. Түскі үзілісті пайдаланған жігіттің достары қатысушыларды жүрек болып тұруын өтініп, алдын-ала ұйымдастырған.

800-ге жуық студенттің қолдауымен топ арасынан гүл шоғымен шыққан жігіт қызға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Бәрінен бейхабар бойжеткен таңданысын жасыра алмай, сол сәтте келісімін берген.

Тағы оқыңыздар: Астанада автобус пен Тoyota көлігі соқтығысып, он бір жасар бала көз жұмған

Студент қыз Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің психология мамандығы бойынша 2 курс студенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1625212-stadionnynh-qaq-ortasynda-suyiktisin.html