RU

Депутаттар мен әншілерді шошытқан Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандады

Көпшіліктің наразылығын тудырған Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында автотұрақ құны 13 есеге арзандады деп хабарлайды Ктк арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Әуежай ауласында жарты сағатқа дейін тұру өзгеріссіз тегін. Бір сағат 300, екі сағат 400 теңге. Ол да ескіше. Ал бұрын екі сағаттан кейінгі әр сағатқа 1500 теңгеден жазатын тариф өзгеріп, енді 3 сағатқа 600 теңге деген есеп пайда болды.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында ұстаздар мектепте ішімдік ішетін директордың қызметтен кетуін талап етті

Бұрын бір тәулікке 33 мың теңге болса, енді 2 жарым мың. Бір тәуліктен асырған жүргізушілерден әр тәулігі үшін әуежай бұрын еселеп 60 мыңнан талап етсе, енді ешбір қосымша айыпсыз күніне 2 жарым мыңнан төлей береді. Астана әуежайының у-дай қымбат тұрағы туралы ең бірінші болып әнші-әртіс, депутаттар шу көтерген-ді. Жұлдыздар мен халық қалаулыларының жанайқайынан кейін, «Астана ЛРТ» бастапқыда өзгермейді деген тарифтерін екі айға жеткізбей қайта қарауға мәжбүр болыпты.

Еске салсақ, бұған дейін Астана әуежайындағы автотұрақ бағасын көрген депутаттар мен әншілер әлеуметтік желіде бағаның тым қымбат екенін айтып, қарсылық білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1625351-deputattar-men-anshilerdi-shoshytqan.html