RU

Атақты футболшы Неймардың "Барселона" сапынан не үшін кеткені белгілі болды

футбольный клуб Барселона во время игры
Фото: Facebook

Бразилиялық шабуылшы Неймардың «Барселона» сапынан не үшін кеткенін бұрынғы командаласы айтты деп хабарлайды Qsport.kz порталы sport-express.ru сайтына сілтеме жасап.

Неймардың «ПСЖ» сапына неліктен ауысқаны туралы католондық клубтың қорғаушысы Жереми Матье айтып берді.

Тағы оқыңыздар: Депутаттар мен әншілерді шошытқан Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандады

«Меніңше, Неймар «Барселонадан» Мессидің көлеңкесінде жүргендіктен кеткен сияқты. Неймар «Алтын допты» қатты иеленгісі келеді, сондықтан осындай шешім қабылдады деп ойлаймын», – деді Матье.

Айта кетейік, бразилиялық шабуылшы «Барселона» командасынан осы жылдың шілде айында «ПСЖ» командасына ауысып, бесжылдық келісімшарт жасасқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1625507-ataqty-futbolshy-neymardynh-barselona.html