RU
Павлодарда трамвай астына әдейі түскен жеткіншек аман қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодарда трамвай астына әдейі түскен жеткіншек аман қалды

Расказать Вконтакте

Павлодарда шамамен 11-12 жастағы бала трамвайдың астына түсті деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда трамвай астына әдейі түскен жеткіншек аман қалды

Трамвай басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, оқиға бейсенбі күні 19.00-19.30 кезінде болған. Трамвайдың рөлінде әйел адам отырыпты.

Тағы оқыңыздар: Атақты футболшы Неймардың "Барселона" сапынан не үшін кеткені белгілі болды

Әйелдің сөзіне жүгінсек, жаяу жүргіншілер өтетін жерден 50 метрдей бұрын, жолда тұрған баланы көріп қалады.

"Жүргізуші трамвайды тоқтатып, бала жолдан шығады. Трамвай қайта жүргенде, бала вагоннның астына түскен", — деп хабарлады трамвай басқармасы.

Бала ауруханаға жатқызылды. Не үшін мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
1
4
1
4
2
0
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір