RU

Тоқаев: Үкімет мұғалімдердің жалақысын көтеруді ойластыру керек

Үкімет экономикалық жағдайға орай мұғалімдердің жалақысын көтеруді ойластыруы қажет. Бұл туралы бүгін сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдау барысында төменгі палатаның төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ұстаз кәсібінің төмен мәртебесі мектеп білімін дамытуын тежеп отырған фактор болып табылады. Қазіргі уақытта білім беру қызметкерлері жалақысының деңгейі ең төмен еңбекақының қатарында қалып отыр. Ол орташа республикалық деңгейдің 66 пайызын құрайды.

Үкімет экономикалық жағдайға орай мұғалімдердің жалақысын көтеру жағын ойластыруы қажет. Бұл өте маңызды, өйткені мектеп біліміндегі реформа педагогикалық жоғарғы оқу орындарына байланысты", — дейді Тоқаев.

Тағы оқыңыздар: Мерзімінен бұрын босап шыққан экс-премьер жуық арада жұмысқа кіріспейтінін айтты

Палата спикерінің айтуынша, мұғалімдерді мемлекеттік наградалар, сыйақылармен ынталандырып, олардың еңбегін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау қажет.

"Материалдық және моральдық ынталандыруды дұрыс жолға қоймасақ, біз мұғалім кәсібінің мәртебесін жоғарылата алмаймыз. Қазіргі уақытта талапкерлер көп жағдайда педагогикалық жоғарғы оқу орындарына оңай түсуге болатын оқу орны деген қағидат бойынша таңдайтыны жасырын емес. Өйткені педагогикалық мамандықтар бойынша оқуға түсуге қажетті балл саны басқа мамандықтармен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Мұндай жағдай келешекте оқытушылар құрамының сапасына тікелей кері әсер ететінін анық. Ал бұл толығымен керісінше болуы тиіс", — деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1625707-toqaev-ukimet-mughalimderdinh-zhalaqys.html