RU
Ерке Есмаханның әніне клип түсірген қырғыз әншісін жерлестері сөгіп тастады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ерке Есмаханның әніне клип түсірген қырғыз әншісін жерлестері сөгіп тастады (видео)

Расказать Вконтакте

Қырғыз әншісі Гүлназ Чыныбекқызы Ерке Есмаханның "Қайда?" әнін қырғыз тіліне аударып, клип түсірді. Әншінің жаңа клипін көрген желі қолданушылары оның бұл әрекетіне ренішін білдіріп, аямай сынап тастады. Желі қолданушылары Гүлназдың дәл осы әнге клип түсіру арқылы өз беделін түсіріп алғанын айтып, наразылықтарын ашық айтты.

Гүлназ Чыныбекқызының орындауындағы "Қайда?" әнінің тіптен аражировкасы да Еркенікімен бірдей болғаны тыңдармандарға жақпай қалды. Әсіресе қырғыз елінің желі қолданушылары оған жағымсыз пікірлерін жаудырды.

"Оның қайталап айтқан әні де, клипі де ұнаған жоқ", "Неге өзіңнің әніңді айтпайсың?", "Басқа ән таппай қалдыңыз ба?", - деп жазды олар.

Тағы оқыңыздар: Сағадиев: Бес күндік оқу аптасын барлық мектепке енгізу қиын болып тұр

Дегенмен, оның бұл бейнебаянын ұнатып, ризашылығын білдіргендер де табылды.

"Клип Ерке Есмахандікінен де жақсы шыққан", "Жарайсың", "Онда тұрған түк те жоқ", - деп жұбатты олар әншіні.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
35
4
9
2
18
79
14
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір