RU

Головкин мен Альварестің реваншы қай күнге белгіленді?

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес реваншы қай күнге белгіленгені жарияланды деп хабарлайды Vesti.kz.

RingTV мәліметінше, Синко де Майо (Мексиканың ұлттық мейрамы, 1862 жылы 5 мамырда Пуэбле шайқасында мексикалық әскердің жеңіске жетуіне байланысты тойланады) мерекесінде боксшылар реванш өткізеді.

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гоместің айтуынша, осы күні үлкен шара өткізуге әбден лайықты мерзім.

Тағы оқыңыздар: Тоқаев: Үкімет мұғалімдердің жалақысын көтеруді ойластыру керек

"Жақсы мерзім. Бұл спорттың басқа түріне еш кедергі келтірмейді. Бұл күні Кентукки Дерби болады, бірақ америкалық футболдан жарыс жоқ, ал бейсбол тек сәуірде басталады. Баскетболдың плей-офф кезеңі өтіп жатады", - деді Гомес.

Естеріңізге сала кетейік, Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты кездесуі - Головкин мен Канело арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылып, ешкім күтпеген нәтижемен аяқталған еді.

Төрешілер екі боксшының қайсысы басым болғанын анық көрсетпей, тең түсті деген баға берді. 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1625883-golovkin-men-alvarestinh-revanshy-qay.html