RU

Сағадиев: Бес күндік оқу аптасын барлық мектепке енгізу қиын болып тұр

"Бес күндік оқу аптасын барлық мектепке енгізу қиын болып тұр", - дейді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

"Бес күндік оқу аптасының нормалары бекітілген. Бірақ мектептің жағдайына және типіне қарай барлығына бірдей енгізу қиын болып тұр. Бүгінгі күні барлық мектептердің 85 пайызы толығымен 1-11 сыныпқа дейін көшті.

Бізде 300-ге жуық лицейлер мен гимназиялар бар, оларда бір аптада қосымша сегіз сабаққа дейін беріледі, жоғары сыныптарды бес күнде барлығын қамти алмайды. Алайда гимназия мектебіне бару ата-аналардың өзінің қалауы", — деді Сағадиев сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдау барысында.

Тағы оқыңыздар: Тоқаев: Үкімет мұғалімдердің жалақысын көтеруді ойластыру керек

Бұдан бөлек, сабақтардың ұзақтығы 45-тен 40 минутқа қысқарғанына қарамастан үш ауысымда оқитын мектептерге де бес күндік оқу аптасын енгізу қиын. Министрдің айтуынша, бұл мәселе тек үш ауысымды мектептердің қысқаруымен ғана шешіледі.

Сондай-ақ Сағадиев өз сөзінде 0 сыныпты енгізуге тоқталды.

"2019 оқу жылынан 0 сыныпты енгізу 0+11, яғни он екі жылдық білім беру жүйесіне көшуге арналған. 0 сынып бес жастағы балаларды жүз пайыз бірінші сыныпқа дайындалуына жағдай жасайды. Әліппеге келсек, 0 сыныпқа арналған базалық оқулық жалпы дайын. Сынақтан өтіп отыр. Келесі жылы мұғалімдерді дайындау жұмысы басталады", — деді ол.

Тағы оқыңыздар: Сағадиев дау тудырған орыс тілі оқулығына қатысты пікір білдірді

Министр былтырғы жылы басталып кеткен жаңарған білім беру мазмұнына биыл қосымша 2, 5, 7 сыныптар көшетінін атап өтті.

"Келесі екі жылда біз жаңарған мазмұнға толықтай көшуді аяқтаймыз. Жаңарған мазмұнның мәні тек білу емес, сонымен қатар білімді өмірде қолдана білу болып табылады", — деді Сағадиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1625916-saghadiev-bes-kundik-oqu-aptasyn-barly.html