RU

Ақтөбеде 19 жастағы қызды қағып кеткен бойжеткен өзінің адам өлтіргенін білмеген

Бүгін Ақтөбе қалалық сотында жантүршігерлік жол апатына қатысты сот процесі басталды деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Сот қысқартылған тәртіппен жүріп жатыр. Жауапкер тарап жәбірленушіге моральдық, материалдық шығынды өтеген.

Орталық саябақта жол апатын жасаған 19 жастағы студент қыз жауапкер тараптан сот залында тұрып кешірім сұрады. Ол осы күнге дейін қара жамылған отбасыға бармаған.

Тағы оқыңыздар: Ақмола облысында тікұшақ қатты жылдамдықпен қонып, бір адам зардап шекті

«Сол күні апамды үйіне апара жаттым. Әкемнің көлігін айдап шықтым. Көз қиығыммен сол жағымда ақ машинаның келе жатқанын көрдім. Одан қашу үшін оңға бұрылуға тура келді. Сол кезде саябақта жол апатына ұшырадым.

Ол кезде адам қағып кеттім деп ойлаған жоқпын. Адам өлімі туралы тек полициядан естідім. Бас ми жарақатын алып, ауруханада бір ай емделдім. Шашым түсті.

Қара жамылған отбасыға көңіл айтуға тек менің анам ғана барды. Мен бара алмадым. Қорықтым… Кешірім сұраймын», - дейді жауапкер Сезім Самұрат.

Жол апатына жауапкер ретінде танылған Cезім Самұрат - Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 2-курс студенті. Қазіргі уақытта оның үстінен Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қозғалған сот процесі жүріп жатыр.

Тағы оқыңыздар: Қырғызстанда сотталған экс-депутатты әкесін жерлеуге жібермей қойды

Студент осы уақытқа дейін сабаққа қатысып жүргенін айтты.

Естеріңізде болса, 7 шілде күні орталық саябақ алдында тұрған екі адамды қатты келе жатқан көлік қағып, салдарынан 19 жастағы Сюзана Гамидованы оқиға орнында қаза тапты. Екінші адам дене жарақатымен ауруханаға түсті.

Оқиғаны қоғам қызу талқыдап, жауапкерді қатаң жазалауды сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1625941-aqtobede-19-zhastaghy-qyzdy-qaghyp-ketken-b.html