RU

Қатерлі дертке шалдыққан бес баланың анасы шұғыл отаға ақша таппай сабылып жүр (фото)

Қатерлі дертке шалдыққан бес баланың анасы еміне ақша жинау үшін қайырымды жандардан көмек сұрауда деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Мен Киарстанова Әсел, ең кішісі бір айға жаңа толған бес баланың анасы, сіздерден көмек сұраймын. Қатерлі дерттің үшінші деңгейіне шалдыққандықтан, маған шұғыл түрде Оңтүстік Кореяда ем алу қажет. Емге қаражатты біздің қалтамыз көтермейді. Алайда бұл менің аман қалып, бес баламды анасынан айырмаудағы жалғыз мүмкіндігім. Өкінішке қарай мен анамнан ерте айырылдым (ол 45 жасында қаза болды).

Тағы оқыңыздар: Әлемдегі ең бай әйел қайтыс болды

Балаларым бейбітшілікте өмір сүруі үшін барымды салғым келеді. Бастапқы емге кететін сома шамамен 60 мың доллар, алайда нақты сомасын емханада бір-ақ біле аламыз. Барлық шығын туралы есеп беріп отыруға әзірміз. Бүгінде бізде тек 11 500 доллар бар (туыстарымыздан қарызға жинап алдық). Енді тағы 50 мың доллардай жинау керек", - дейді әйел.

Көпбалалы ана өзіне көмек көрсетуге әзір жандарға әпкесінің байланыс нөмірін ұсынуда: Қыйзат Айдана - 87074040523

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1626061-qaterli-dertke-shaldyqqan-bes-balanynh.html