RU

Шымкентте қайын атасы пышақтаған келіншек ауруханада ес-түзсіз жатыр (фото)

Шымкентте қайын атасы келінін пышақтап тастады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте қайын атасы келінінін пышақтап тасатады. Сұмдық жағдай 20 қыркүйек күні қалаға қарасты "Қорғасын" шағын ауданнындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған.

Келіні мен мен қайын атасының арасында белгісіз себептерге байланысты жанжал басталған. Кейін келінімен сөзге келісе алмаған қайын атасы оны бірнеше жерінен пышақ тығып, өлтірмек болады.

Тағы оқыңыздар: Отандық дизайнерді сүйген жігіті алдап, тақырға отырғызып кетті (фото)

Оқиға орнына келген полицейлер айғақты зат ретінде асхана пышағын тәркілеп, ер кісінің қолына кісен салып, бірден қамауға алып кетті.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің айтуынша, күдікті істеген ісіне жауап беруде.

"1960 жылы туған қайынатасы келініне бірнеше рет пышақ жарақатын салғаны анықталды. Нәтижесінде1986 ж.т. жәбірленушінің денесіне асхана пышағымен үш жеріне жарақат салғаны белгілі болды. Күдікті қамауға алынды", - деп хабарлайды  Салтанат Қаракөзова.

Қайын атасы пышақтаған келіні қазір Шымкент қалалық жедел жәрдем аурухнасындағы жан сақтау бөлімінде ес түссіз жатыр. Дәрігерлер жәбірлденушінің жағдайы ауыр екендігін айтып, бірнеше жерінен пышақ жарақатын алғанын растап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1626070-shymkentte-qayyn-atasy-pyshaqtaghan-kel.html