RU

Шымкенттік кәсіпкер келіншек туған ауылына 118 млн теңгеге мектеп салып берді (фото)

Шымкентте кәсіпкер әйел Гүлнар Таңатарқызы 118 млн теңгеге туған ауылына мектеп салып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы "ТВК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Келіншек Бәйдібек ауданындағы туған ауылында мектеп салып, оған өз әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Таңатар Қазақбаевтың есімін берді.

"Гүлнар Таңатарқызы біздің мектептегі тұрақты демеуші. Ол үздік оқығандарға стипендия төлеп, білімге ынталандырады", - дейді Бәйдібек ауданы білім бөлімінің басшысы Ақбала Құлымбет.

Тағы оқыңыздар: Қатерлі дертке шалдыққан бес баланың анасы шұғыл отаға ақша таппай сабылып жүр (фото)

Бүгінде мектепте 252 оқушы екі ауысыммен білім алады. Ауданда жалпы алғанда 49 мектеп бар. 2000 мұғалім 12 мың оқушыға білім нәрін себуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1626131-shymkenttik-kasipker-kelinshek-tughan.html