RU

Елімізде барлығына міндетті 0-сынып енгізілмек

Қазақстанның Білім министрлігінің басшысы бірінші сыныпқа келген бала әріп танып, оқу білуі керек деп мәлімдеді. Ол үшін екі жылдан кейін барлығына міндетті болатын 0-сыныптар енгізіледі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2019 жылы біз 0-сыныптарды енгіземіз: 0+11, яғни 12-жылдық білім беруге жүйесіне өтеміз. Бұл барлық балаларға міндетті болады. Ол жерде 25 минутқа созылатын екі немесе үш сабақ болады. Қазіргі мектеп алды даярлықтың реті тәрізді", — деді Сағадиев сенаттағы парламент тыңдауында.

Ол, мектеп алды даярлық жүйесінде Қазақстан бойынша біркелкі бағдарлама қабылданып, мемлекет арнайы оқулықтар шығарады деп атап өтті.

Тағы оқыңыздар: Астанада пәтерақысын төлеу үшін қалталы азаматқа тәнін саудалаған бойжеткен сынға қалды (фото)

"Бірінші сыныпқа барған бала сол бірінші сынып бағдарламасына дайын болуы керек. Бүгінде бірінші сыныпқа келген балалардың 85% оқи алады, олардың 30% шапшаң оқиды. Олардың шамамен 75% санауды біледі, ал шамамен 15% балалар екі таңбалы сандармен жұмыс жасай алады. Осылардың қатарында оқу білмейтін 15% балалар сыныпты артқа тартады. Бұл мұғалімге өте қиын", — деді министр.

Сағадиевтің айтуынша, осылайша бірінші сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің білім деңгейі бірдей болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1626289-elimizde-barlyghyna-mindetti-0-synyp-en.html