RU
Вице-министр бензин жетіспеушілігіне қатысты түсініктеме берді
Жаңалықтар Экономика және бизнес

Вице-министр бензин жетіспеушілігіне қатысты түсініктеме берді

Расказать Вконтакте

Үкімет үйінде өткен баспасөз мəслихатында Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі бензин жетіспеушілігі қыркүйектің соңына дейін шешілетінін айтты деп хабарлайды Baq.kz.

Вице-министр бензин жетіспеушілігіне қатысты түсініктеме берді

Бензин. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды

Еліміздің шығысы мен солтүстігінде АИ-92 бензинінің жетіспеушілігі тіркелген. Көптеген жанар-жағармай стансаларында бензин болмаған. Бұны көбі Ресейдің еліміздің нарығына бензин əкелуден бас тартуымен байланыстырып отыр. Вице-министр осыған қатысты түсініктеме берді.

«Шынымен де кейбір өңірдегі бірнеше жанар-жағармай стансасында бензин жетіспеді. Біз бұны білеміз. Дегенмен, бұны дефицит деп атауға болмайды. Ресей Федерациясынан бензин əкелініп жатыр. Біз Ресейдің Энергетика министрлігіндегі əріптестерімізбен жұмыс жасап жатырмыз. Сондықтан, біз бензин жетіспеушілігіне байланысты проблемалар болмайды деп ойлаймыз», -деді вице-министр.

Тағы оқыңыздар: Алматыда зейнеткерлер тегін нан үшін ұзын-сонар кезекке тұрды (видео)

Оның айтуынша, бензин бағасын болжау өте қиын. Себебі, оған көптеген факторлар: мұнай бағасы, көршілерден жеткізілетін бензин көлемі əсер етеді.

«Жалпы алғанда, біздің өңірлерде бензин бар. Біз қыркүйек айының соңына дейін жағдай тұрақталады деп ойлаймыз», - деп түйіндеді Энергетика вице-министрі.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
27
2
1
4
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір