RU

Белгісіз біреу Канадада қайтыс болған қазақстандықтың отбасына 7 мың доллар аударған

Арнайы қаржы жинау мақсатында ашылған Gofundme парақшасында белгісіз біреу Ванкуверде қаза тапқан Метхат Әбеновтың денесін алып келу үшін 7 мың доллар қаржы аударғаны туралы ақпарат шықты деп хабарлайды Baq.kz.

Өкінішке қарай, Метхаттың сақтандыруы отандасымыздың денесін алып келу шығындарын жаппаған. Сондықтан Метхат Әбеновтің туғандары мен достары қаражат жинап жатқандарын айтып, көмек сұрайды.

Бір күн бұрын белгісіз адам аталмыш қорға 7 мың доллар аударған. Бұл қаржы отандасымыздың денесін Қазақстанға жеткізу шығындарын толығымен жапқан.

Тағы оқыңыздар: Вице-министр: Бензин жетіспеушілігі қыркүйектің соңына дейін шешіледі

«Қымбатты достар! Британдық Колумбиядағы қазақстандық қоғамдастықтың атынан Метхаттың достарына, әріптестеріне және көмек қолын созған әрбір жанға алғысымызды айтамыз. 24 сағат ішінде біз қажет сомадан да көп қаражат жинадық. Тасымалдаудан қалған қаражат Метхаттың отбасына жерлеу рәсімін өткізу шығындарын өтеу үшін беріледі. Қолдап, жомарттық танытқандарыңыз үшін рахмет айтамыз», - делінген сайтта.

Естеріңізге сала кетейік, Канаданың Ванкувер қаласында 27 жастағы қазақстандық азамат қайтыс болған еді. Жергілікті полицияның мәліметінше, Қазақстан азаматы таудан құлап, мерт болған.

Метхат Әбенов Ванкувердегі Колумбия университетінің грантына ие болған және Монреальдағы компаниялардың бірінде жұмыс істеп келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1626352-belgisiz-bireu-kanadada-qaytys-bolgha.html