RU

Павлодарда 12 жасар баланың трамвай астына не үшін секіргені анықталды

Павлодардағы 12 жастағы баланың трамвайдың астына не үшін секіргені белгілі болды деп хабарлайды Baq.kz.

Павлодар қалалық білім бөлімінің өкілдері баланың үйіне қайтып келе жатып, трамвай рельстерінен өтпек болғанда пәтер кілтін түсіріп алғанын айтады.

«Шын мәнінде бала кілтті алып үлгергісі келген. Оның анасымен бүгін сөйлестім. Оның айтуынша, баласы оған трамвай жолынан өтпек болғанын, бірақ қалтасынан бірдеңе түскенін сезгенін айтқан. Ол тоқтап, қалтасын тексерген. Кілтінің жоқтығын байқаған ол қайтадан рельске қарай ұмтылған, соған қарағанда алып үлгеремін деп ойлаған. Баланың анасы солай айтты. Анасы рельсте жаншылып қалған кілттің жатқанын айтты», - дейді қалалық білім бөлімінің жетекшісінің орынбасары Гүлбарам Белялева.

Білім бөлімі өкілдерінің мәліметінше, бала жағдайы жақсы отбасынан, оқу үлгерімі жақсы, спорт секцияларына барады.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте WhatsApp-тың қызығына кіріп кеткен автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды (видео)

«Баланың анасының айтуынша, отбасында ешқандай да ұрыс-керіс болмаған, бала ата-анасымен жалжалдаспайды. Трамвай астына өзі барып түсетіндей себеп жоқ, өте жақсы бала. Қазір ол өз бетімен жүре алады, жағдайы тұрақты», - деп хабарлады Белялева.

Ал 12 жылдық еңбек өтілі бар трамвай жүргізушісі Балзада Раисова қалай тежегішті басса да қозғалып келе жатқан вагонды тоқтату мүмкін емес еді дейді.

«24 қыркүйекте №5 маршрутта 62-вагонда жұмыста болдым, вокзал жаққа қарай кетіп бара жаттым, Қайырбаев көшесімен қиылысқан жерде Лермонтовқа жетпей жол жиегінде оқушы баланың тұрғанын көрдім. Тежегішті басып, дыбыс дабылын қостым, бірақ ол тұра берді. Жақындай келе қашып кетуге дайындалып тұрғандай болды. Дереу шұғыл тоқтауға әрекет жасадым, вагонда болған барлық тежегіш түрін пайдаландым. Тоқтау кезінде бала маған қарай қарсы жүгіріп, вагон астына секірді», - деді Раисова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1626382-pavlodarda-12-zhasar-balanynh-tramvaydynh.html