RU
Ақбота Сейітмағамбет күйеуінің "қырық өтірігіне" төзе алмағанын жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақбота Сейітмағамбет күйеуінің "қырық өтірігіне" төзе алмағанын жайып салды

Расказать Вконтакте

Үш баласы бар актер Дәурен Айдарқұловтан ұлды болып, жарты жыл өтпей "ажырасып кеттік" деп мәлімдеген Ақбота Сейітмағамбет әртіс күйеуінің күнделікті айтатын өтіріктеріне төзбей, онымен айрылысуға өзі себепкер болғанын айтты.

Ақбота Сейітмағамбет күйеуінің "қырық өтірігіне" төзе алмағанын жайып салды

Ақбота Сейітмағамбет. Фото: instagram

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте WhatsApp-тың қызығына кірген автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды 

"Құрметті ақылды қыз-жігіттер! Қиялдап, бал ашып, ойдан шығаруды доғарыңыздар! Ешкім мені тастап кеткен жоқ!

Ажырасуымызға мен өзім себепкер болдым. Өйткені оның жанұясына деген қарым-қатынасы мені қанағаттандырмады. Осыған дейінгі жұбайларына қарағанда біз ұлымыз екеуміз өтірікке төзе алмаймыз.

Бұл адам барлық отбасына солай немқұрайлы қарағанын мен енді түсініп жатырмын. Тек біреулер шыдап жүре берген, ал мен олай жасамаймын!

Естеріңізде болсын, сіз не істесеңіз де бумеранг заңы бәрібір уақытында орындалады. Кез-келген жағдайда тек бір ғана адам кінәлі болмайтынын білемін.

Бірақ әркімге өзіне тиесілі және лайықты дүние қайтып келеді және солай жалғаса бермек. Ал мен тағдырдан керемет сыйлық алдым: ол - менің ұлым", - деп жазған әнші әрі актриса.

Тағы оқыңыздар: Вице-министр бензин жетіспеушілігіне қатысты түсініктеме берді

Ал Ақботаның оқырмандары болса оған ақыл айтуды жалғастырып, түрлі пікірлерін қарша боратып жатыр.

Олардың арасында "отбасылы адамнан аяғы ауыр болып қалып, жаза басқан қызды" қолдап, қолпаштап жатқандар да табылды.

Сіздің реакцияңыз
183
19
33
29
39
23
61
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір