RU

Күзде салмақ тастаудың екі оңай тәсілін білесіз бе?

Күз - салмақ тастауға арналған керемет маусым. Себебі жазда жеміс пен көкөністің дәруменіне тойған адамның күші қалыпты болады екен деп жазады ikerim.kz.

Екіншіден, жаздағы демалыстан соң барлығымыз бір өзгерістің болуын қалаймыз. Сондықтан бұл уақытта салмақ тастау жеңіл болады. Осы маусымда бес-жеті келі салмақ тастау үшін көп күштің де керегі жоқ, тек төмендегі кеңестермен таныс болсаңыз жетеді.

Тағы оқыңыздар: Жамбыл облысында көлден су ішкен мал жаппай қырылып жатыр (видео, фото)

Асқабақтың дәні

Егер асқабақтың дәнін үш апта тамақтану мәзіріңізге қоссаңыз, ол арықтауға көмектеседі. Мысалы кешкі асты асқабақ дәнімен алмастырыңыз. Ол сізді тойдырып қана қоймай, А, В, С, Е және К дәрумендеріне бай асқбақ дәні теріңіздің де жақсаруына көмектеседі.

Қызылша шырыны

Балғын қызылша салмақ тастау мен целлюлитті кетіруге көмектесетінін білетін шығарсыз? Дұрысы қызылшаның шырынын ішіңіз, ол шырынға аздап алма немесе сәбіз, не болмаса анар қосып дайындауға да болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1626702-kuzde-salmaq-tastaudynh-eki-onhay-tasil.html