RU

Мұсылман қыздардың сұлулығын арттыратын жеті зат

Мұсылман қыздар қандай жеті затпен сәнді бола түсетінін islam.kz сайты тізіп шықты.

Сүрме – көзге арналған табиғи бояу. Ол көздің пішінін айқындап, әдемі етеді. Құрамында қорғасын болғандықтан, сатып аларда сақ болыңыз.

Қына – теріні, шаш пен тырнақты бояуға аралған ұнтақталып кептірілген өсімдік. Мұсылмандар мен өзге де халық мәдениетінде кең тараған ежелгі дәстүр. Оны лимон шырыны мен шай қосып та пайдаланған.

Су. Оны көп қолдану – бет терісін жақсартып, ажарландыра түседі.

Тағы оқыңыздар: Астанада жігітімен ұрысқан бойжеткен сегізінші қабаттан секіріп кетпек болды (видео)

Зәйтүн майы. Зәйтүн ағашының жемісі керемет косметикалық қасиеттерге ие. Ол тамаққа пайдалануға, дене мен шашқа жағуға арналған. Жасартатын ғажайып әсері бар. Бет терісі мен денені жұмсартып, ылғалдандырады. Тырнақты қатайтып, шашты жібектей жұмсақ етеді.

Мисуак. Оны күнделікті қолданса, тістер мықты әрі сау, күріштей аппақ болатыны ғылыми түрде әлдеқашан дәлелденіп қойған.

Иіссу. Құрамында спирті жоқ жұпариісті иіссуларды пайдаланған жөн.

Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану. Мұсылман әйелдері құнарлы тамақтанып, темекі, спирттік ішімдіктерден аулақ болғандықтан рак, түсік тастау, бауыр мен жүрек ауруларын білмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1626784-musylman-qyzdardynh-sululyghyn-arttyr.html