RU

Алматыда қатты жел соғып, қар аралас жаңбыр жауады

Алматыда температураның төмендеп, жауын-шашын түсуіне байланысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлады оңтүстік астананың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан. 

Таратылған мәліметтерге сәйкес, жексенбі 24 қыркүйекте Алматыда жаңбыр жаууы ықтимал, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің ұйытқуы 15-20 м/с жетеді.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстау облысының 19 жастағы тұрғынын бульдозер қысып өлтірді

Жексенбіден сейсенбіге дейін, 24 — 26 қыркүйекте Алматыда түнде ауа температурасы үш-сегіз градус жылы, таулы аймақтарда үш градусқа дейін үсік жүреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1626822-almatyda-qatty-zhel-soghyp-qar-aralas-zha.html