RU

Баян Есентаева бірінші күйеуінің қаталдығын қалай жеңгенін айтып берді (фото)

Баян Есентаева Астана өзінің фанаттарымен кездесіп, оларды мазалаған сұрақтарға да жауап берді деп хабарлайды sputniknews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кездесу барысында Баянның фанат қыздарының бірі одан көйлегін сыйға тартуды сұрады. Продюсер бойжеткеннің өтінішін аяқ асты етпей оған көйлегін беруге уәде етті.

"Сізге қандай көйлек керек? Кешкі әлде жазда киетін бе? Кез келген? Сіздің өлшеміңіз қандай? 46-48 шығар? Көйлекті жіберемін, алайда оны өзіңіз жөндетіп аласыз", - деді Мақсатқызы.

Тағы оқыңыздар: Атыраудағы әйелдер колониясы басшысының орынбасары қамауға алынды

Қыздар оның мүсіні, күйеуімен қарым-қатынасы, диета ұстау туралы сұрақтар қойды.

"Мүсінім ана-анамнан берілген. Алайда оны қалыпта ұстап, сақтап отыру керек. Мен кереметтей диета да ұстамаймын. Бірақ тамақ ішкенде 150 граммнан артық ас ішпеймін. Газдалған сусын ішпеймін", - деді продюсер.

Бойжеткендердің бірі "жігітің немесе күйеуің тыйым сала берсе не істеу керек деген сұрақ қойды.

"Мен тұрмысқа ерте шықтым. Бірінші күйеуім маған көп нәрсе жасауға рұқсат бермейтін. Алайда бұл тұста мінез бен өжеттік, мақсатқа жету жолындағы құлшыныс болу керек", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1626847-bayan-esentaeva-birinshi-kuyeuininh-qat.html