RU

Алматы облысында бір отбасыдан үш адам жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болды (фото, видео)

Алматы-Қапшағай тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды деп хабарлайды Zakon.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы қаласына қарай бет алған Mitsubishi Galant көлігінде бүтін бір отбасы болған. Автокөлікте ер адам, оның қарындасы, 7 жастағы қызы мен 1943 жылғы әжесі болған.

Куәгердің айтуынша, көлік бір кезде өз-өзінен шайқала бастаған. Көлік жол бойында айналып, жол ортасындағы қоршауға барып соғылған.

Оқиға салдарынан көлік салонында отырған үш жолаушы тіл тартпай кеткен. Ал көлік жүргізушісі қалайда аман қалған.

Жол-көлік апаты орын алған орынға полиция қызметкерлері мен ТЖҚ келіп жетті. Олар қайтыс болған әйелдердің мәйітін көліктен шығарып алды.

Ал көлік жүргізушісі болса, көлігінің дөңгелегіндегі ақау апаттың орын алғанына себеп болғанын растап отыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1626877-almaty-oblysynda-butin-bir-otbasy-zhan.html