RU

Қыздарды шетелге апарып, тәнін саудалаған отандық депутаттың бар былығы ашылды

Қостанай облысыннда Рудный қалалық мәслихатының депутаты жеңгетайлықпен айналысқаны үшін ұсталды деп хабарлайды Tobolinfo-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

ІІД мәлітметінше, 25 жастағы экс-депутат Юлия Қарашаш жергілікті тұрғынға 24 жастағы қыздың тәнін саудалап, интимдік қызмет ұсынған.

Оның желідегі парақшаларында қыздарды шетелге жұмысқа шақыратын жазбалар өріп жүр. Бұл жазбалардың мазмұны да ІІД-не күмәнді болып көрінген.

Депутаттың Karalash Fashion Company интернет-дүкені болған. Онда ол косметика, бижутерия және киім сатумен айналысқан. Дәл осы дүкен арқылы ол қыздарға жұмыс ұсынып, жазбалар жазған.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында бүтін бір отбасы жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болды (фото, видео)

Тіпті кей хабарламаларда ол қыздарды шетелден айлығы жоғары жұмысқа шақырған. Араб Әмірліктерінен, Бахрейн корольдігінен, Қытай, Сингапур және Түркиядан жақсы жұмыс тауып беруге уәде еткен.

Ал жеке хабарламалардан одан да сорақы деректер анықталған. Ол бойжеткендерге 2-3 аптада бес мыңнан он мың долларға дейін пайда табуға мүмкіндік бар екенін айтып, назар аударған.

Жеңгетайлықпен айналысқан Юлия бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1626934-qyzdardy-shetelge-aparyp-tanin-saudal.html