RU

"Қайрат" футбол базасына барған Назарбаев оқушылармен кездесіп, әңгіме-дүкен құрды (фото)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қайрат» футбол клубының спорттық базасымен танысты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz ақпарат агенттігі.

Клубтың спорттық базасында толық көлемдегі бес футбол клубы, медициналық кешен және спортшылардың қалпына келуіне арналған құрал-жабдықтар бар.

Сонымен қатар Қазақстан президенті Алматы Орталық стадионын жаңарту концепциясы және қалада жеңіл атлетикаға арналған инфрақұрылымды дамыту жоспарымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қайрат» футбол клубының академиясында тәлім алатын жасөспірім футболшылармен әңгімелесіп, олардан спорт пен оқудағы жетістіктері туралы сұрады.

"Спортпен жақсы айналысу үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Ең жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстарда Қазақстан тамаша нәтижелер көрсетіп жүр. Бізде бокстан, күрестен, жүзуден, жеңіл атлетикадан және басқа спорт түрлерінен олимпиада чемпиондары бар", - деді Мемлекет басшысы.

Президент елдің барлық өңірлерінде стадиондарға кешенді жөндеу жасалғанын және футболды дамытуға мемлекет тарапынан жүйелі қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1627108-qayrat-futbol-bazasyna-barghan-nazarb.html