RU

12 жасар қазақ вундеркинді белді университетке оқуға түсті

Алматыда тұратын 12 жасар вундеркинд бала Абзал Мырзаш Қазақстан-британ техникалық университетінің студенті атанды. Бұл туралы NUR.KZ порталы «МИР 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Абзал Мырзаш аттестаттағы үздік бағаларымен белді техникалық жоғары оқу орнына түскен.

"Біздегілердің көбі ол секілді ақылды болғысы келеді. Біз 20 жасымызда шешкен есептерді ол 12 жасында шеше алады", - дейді вундеркиндтің курстасы.

Абзал бала кезінен оқуға үлкен құлшыныс білдіруде. Үш жасында ол әріп танып, жаза білді. Бес жасында бірінші сыныпқа барды. Оның ерекше ақылды бала екенін бірінші болып әкесі байқаған.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте аударылып қалған "джип" көше тазалаушыны мыжып кете жаздады (фото)

"Екі жасында ол тұрақта тұрған көліктерге қызығушылық танытты. Эмблемасы бойынша көлік маркаларын атап бергенімде, балам оны бірден жаттап алды", - дейді Абзалдың әкесі Дәуренбек Нысанов.

Оқытушылар баланың жасын ескере отырып, дене шынықтырудағы норматив деңгейін өзгертіп берді.

"Біздің міндет 12 жасар екеніне қарамастан, писхологиялық тұрғыдан оны 18 жастағы адаммен теңестіріп, ой-өрісін жетілдіру", - дейді факультет деканы Фуад Гаджиев.

Абзал Мырзаш - Қазақстан-британ университетінің тарихындағы ең жас студент. Жас дарын иесі екі-үш жылда университетті бітіруді жоспарлап отыр. Ол АҚШ-тың Массачусетс университетінде магистр мен доктор дәрежесін алғысы келеді.

Әлемдегі ең жас студент - америкалық Танишк Абраам. Ол жеті жасында барлық тестті беске тапсырып, университетке оқуға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1627176-12-zhasar-qazaq-vunderkind-beldi-univers.html