RU

Астанада бокстан әлем чемпионы жекпе-жек төрешісін соққыға жықты (видео)

Астанада бокстан Қазақстан конфедерациясы кубогі жолындағы турнирде оқыс оқиға орын алды. Жеңіліп қалған боксшы Рахат Маржықпаевтың бапкері кездесудің төрешісін соққының астына алған.

Бұл туралы видео YouTube желісінде пайда болған.

Видеодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Рахат Маржықпаев қарсыласынан жеңілген соң, оның бапкері жекпе-жек төрешісініе қол жұмсағанын көруге болады. Төреші де өзіне жазықсыз қол көтерген бапкерге жауап қайтарып үлгерді.

Кейін бапкерін жақтаған боксшы Рахат Маржықпаев та төрешіге аямай соққы жұмсайды. Осы кезде залдағы көрермендер мен өзге де бапкерлер төбелес шығарғандарға араша түсті.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1627235-astanada-bokstan-alem-chempiony-zhekpe.html