RU

Оралда кондуктор жол ақысына 10 теңгесі жетпеген оқушыны автобустан түсірмей қойған

Оралда жол ақысын төлер кезде 10 теңгесінің жетпейтінін байқаған оқушыны кондуктор автобустан түсірмей қойған. Бұл туралы "Мой город" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оқушы Диманың ағасы Илья Исаевтың айтуынша, сағат 13.00-де інісі анасына қоңырау шалып, №12 автобусқа отырғанын хабарлаған.

"Анам оны аялдамада күтіп тұрды. Бес автобус өтсе де, інім сол беті келмеді. Біз оған қоңырау шалып едік, телефоны сөндірулі тұрды", - деп есіне алды Илья.

Диманы жақындары жабыла іздеуге кіріседі.

Тағы оқыңыздар: Германия басылымы 28 панфиловшылардың ерлігін ойдан шығарылған өтірік деп атады

"Екі сағаттан кейін бізге таныстарымыз қоңырау шалып, Диманың 12-автобуста отырғанын айтты. Оны кондутор жолақысына 10 теңге жетпей қалғаны үшін аялдамадан шығармай қойыпты. Ақыры соңғы аялдамаға дейін отырған Дима жүргізушілер түстеніп, екінші айналымға шыққанға дейін автобуста отыр екен", - дейді ағасы.

Отбасының таныстары баланың жолақыға жетпеген 10 теңгесін төлеп бергенімен, жүргізуші бұл қылығы үшін олардан кешірім сұрамаған. Жүргізуші Диманың анасына оқушыны мүлде автобустан байқамағанын алға тартып, өзінің кінәсіздігіне сендіріп-бағуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1627510-oralda-konduktor-zhol-aqysyna-10-tenhgesi.html