RU

Жеңгетайлықпен айналысқан отандық депутат туралы не білеміз? (фото)

Рудныйда (Қостанай қаласы) жас қыздарға қалталы азаматтар мен қомақты табыс табатын жұмыс тауып беріп, жеңгетайлықпен айналысқан қалалық мәслихат депутатының үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Тoday.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Жыл басынан бері Рудный территориясында «жеңгетайлық» бабы бойынша 3 факті тіркелген. Солардың бірінде танымал тұлға әрі шенеунік Юлия Каралаш бар.

Мәслихатта ол жастар саясаты мен экология комиссиясының құрамына кірген. Депутаттың жеке парақшасындағы суреттері де күмән туғызарлықтай, оның үстіне жас қыздарға шет елде жұмыс істеуге арналған ұсыныстар да жазылған.

Тағы оқыңыздар: Қостанайлық полицейлер 10 жасар баланы рұқсатсыз алып кеткені үшін кешірім сұрады

Сондай-ақ, Юлия Каралаштың Karalash Fashion Company атты интернет –дүкені бар. Ол онда киімдер мен әшекейлер, косметикалар сатылады. Дәл осы топтың ВКонтакте парақшасында ол жұмыс туралы хабарландыру мен жеңілдіктер, жаңа тауарлар жайлы жазады.

Кейбір хабарландыруларында ол жас қыздарға Араб Әмірліктері, Бахрейн Корольдігі, Сингапур, Қытай мен Түркияда жұмыс істеу мүмкін екенін айтқан. Юлия Каралаш пен Ксения Гамова «элиталы эскорт» ретінде 2-3 апта да 5 мыңнан 10 мың доллар аралығында  табыс табуға болатын жұмыс ұсынған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1627533-zhenhgetaylyqpen-aynalysqan-otandyq-d.html