RU

Парламентке дайындалмай келіп, қағаздан бас алмаған шенеуніктер депутаттан сөз естіді

Зағипа Балиева мәжілістегі үкімет сағатына дайындалмай келген әкімдердің орынбасарларын сынға алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәжілісте өткен үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ауқымды баяндама жасап, депутаттар министр мен отырысқа облыстардан келген шенеуніктерге толғандырған сұрақтарын қойды.

"Бізде пробация институты қалыптасып жатыр. Бұл өте маңызды, елімізге қажет институт. Бүгін үлкен жұмыс атқарылып жатқанын естідік, бірақ істейтін жұмыс одан да көп. Өйткені, министр атап өткендей, сотталушыларды ұстау бойынша тәжірибеміз халықаралық стандарттардан алыс, енді бізге осыған ұмтылу керек", — деген депутат Зағипа Балиева шенеуніктердің берген жауабына көңілі толмағанын айтып кейіді.

Тағы оқыңыздар: Оралда кондуктор жол ақысына 10 теңгесі жетпеген оқушыны автобустан түсірмей қойды

"Апробация туралы заң мен министрдің бүгінгі баяндамасынан білгеніміз бұл осыған жасалған бір қадам. Бүгін отырыста әкімдердің орынбасарларының берген жауабына менің көңілім толмады. Олар парламентке келіп, жауаптарды қағаздан оқып берді. Мұндайға жол беруге болмайды. Яғни олар жергілікті жерде өте маңызды пробация институтына осылай қарайды деген сөз. Олардың бұл институтқа салдыр-салақ қарайтыны көрініп қалды. Бұл біздің азаматтардымыздың, біздің балаларымыздың қауіпсіздігі емес пе?!", — деді депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1627612-parlamentke-dayyndalmay-kelip-qaghaz.html