RU

Демалыс күндері тоқтамастан жауған қар Зайсанды басып тастаған (видео)

Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарына сенбі-жексенбі күні айтарлықтай қалың қар түсіп, күн күрт суытты деп хабарлайды Baq.kz.

Шығыс Қазақстанның Зайсан тауларына қалың қар жауып, аңшыларды әуреге салғаны туралы видео желіде тарап жатыр. Аңшылардың айтуынша, қар қыркүйектің 23-інен 24-іне қараған түні жауған.

"Кеше ғана +20 градус жылы болған. Бүгін -6 градус аяз. Күні бойы қар күреудеміз. Қол тоңды!" , -дейді аңшылар.

Тағы оқыңыздар: Қостанайлық полицейлер 10 жасар баланы рұқсатсыз алып кеткені үшін кешірім сұрады

Видео тау ішіндегі аңшылар үйінің жанынан түсірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1627848-demalys-kunderi-toqtamastan-zhaughan-q.html