RU

«ПСЖ» пенальти тебу құқығын Неймарға алып беру үшін Каваниге млн еуро ұсынды

«ПСЖ» президенті Нассер Әл-Хелаифи уругвайлық шабуылшы Эдинсон Каваниге пенальти тебу құқығын бразилиялық Неймарға беру үшін 1 млн еуро көлемінде қосымша бонус ұсынды деп жазды El Pais.

Ал Кавани ақша керек емес екенін және команданың штаттағы пенальтисті болуға еңбек сіңіргенін айтып, бұл ұсыныстан бас тартты.

Дереккөздің мәліметінше, Әл-Хелаифи сондай-ақ кеңесшілерін Неймарға жіберген. Олар Каванимен келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда бразилиялықты пенальтист болудан бас тартуға көндіруі тиіс еді. Дегенмен бұл әңгіме бразилиялықтың наразылығын туғызған көрінеді.

Тағы оқыңыздар: Алматыда тағы бір автобус жол апатына түсіп, екі адам зардап шекті (фото)

Француз лигасының 6-турындағы «ПСЖ» -«Лион» (2:0) матчы кезінде Кавани мен Неймар пенальти мен айып соққысын орындауға бірнеше рет таласып қалған болатын.

Еуропалық БАҚ бразилиялық пен уругвайлық кездесуден кейін сөзге келіп қалғанын жазды. Сонымен қатар, Неймар «ПСЖ» басшылығынан Каваниді сатып жіберуді өтінген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1627917-pszh-penalti-tebu-quqyghyn-neymargha.html